Алматыда үшем дүниеге келді

6 Қазан 2021, 15:45
11256
Бөлісу:
Алматыда үшем дүниеге келді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді.

Осыдан екі жыл бұрын тұрмыс құрған 21 жастағы алматылық бірден көп баланың анасы атанды. Ұл және екі қыз бала жүктіліктің 30-аптасында өмірге келді. 

Дәрігерлердің айтуынша, алдымен ұл бала өмірге келген. Артынша екі минут айырмашылықпен қарындастары өмір есігін ашқан. Үшемнің барлығының салмағы бір келіден төмен 902 гр, 924 гр және 916 гр.

Алғашқы кезде сәбилер сүйемелді тыныс алу мен жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімінде бақылауда болды. Балалар 14 тамызда дүниеге келді, үйлеріне 4 қазан күні шығарылды, - дейді Перинаталдық орталықтағылар.
Нәрестелер тез ширығып, белсенді түрде салмақ жинаған. Перзентханадан шығар кезде олардың салмағы 2 келіге дейін жеткен.
Біз үшін бұл тағдырдың күтпеген сыйы болды. Сәбилерге Мұхаммед, Әмина және Сумая деп ат қойдық, - дейді балалардың анасы Марал Жолдыбаева.

Өзгелердің жаңалығы