Алматыда үш жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап, мерт болды

Қайғылы оқиға Райымбек даңғылының бойындағы Ақкент шағын ауданында болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

 pixabay.com 19 Тамыз 2024 2024, 12:57
19 Тамыз 2024 2024, 12:57
1931
Фото: pixabay.com

Қайғылы оқиға Райымбек даңғылының бойындағы Ақкент шағын ауданында болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілерде бала ата-анасынан бұрын оянып, олар ұйықтап жатқанда жетінші қабаттағы терезеден құлап, қайтыс болғандығы айтылған.

Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

Алматы қаласы Алатау ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағалды. Істің мән-жайы анықталады,- деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Наверх