Алматы, BAQ.KZ. Алматы қалалық Полиция департаменті жыл басынан бері қалада ұрлық азайғанын мәлімдеді.
Жыл басынан бері Алматы қаласында бөтеннің мүлкін ұрлау саны 36,7% төмендеген. Қоғамдық орындарда 662 ұрлық жасалған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,8 есе аз.
5 айда 102 бөтеннің мүлкін ұрлау, сондай-ақ, өткен жылдары жасалған 140 алаяқтық фактілері анықталды. Ағымдағы кезеңде жеке меншік мүлкін қоғамдық орындарда, яғни сауда орталықтарында, базарларда, қоймаларда, компьютерлік клубтарда және тағы басқа да ұрлық жасаған 35 қылмыстық топтың қылмыстық әрекеттері тоқтатылды.Сол уақытта 131 сериялық ұрылар ұсталды, олар 214-тен астам біреудің мүлкін ұрлау фактілері бойынша дәлелденді, - дейді Алматы қалалық Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.