Алматыда ұлттық және отбасылық құндылықтар кең насихатталуда

22 Шілде 2024, 14:17
225
Бөлісу:
Алматыда ұлттық және отбасылық құндылықтар кең насихатталуда
Фото: BAQ.KZ -архив

Ұлттық құрылтай – ұлт болашағына қатысты маңызды мәселелерді талқылап, шешім іздейтін бірегей алаң, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында ел келешегіне қатысты келелі мәселе - Ұлттық құндылықтар туралы көп айтылды.

Президент дәстүрлі отбасы құндылықтарын, ұлттық құндылықтарды табанды түрде орнықтыра беруге үндеді. Мемлекет басшысы ұсынған «Адал азамат» ұғымы мұның бәрін түгел қамтиды.

Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасы Ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттауға бағытталған жұмыстар атқарды.

                                                     

                                                 Мәдениет

 

Ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсататында «Алатау» дәстүрлі өнер театрының репертуарында 15 қойылым сахналанған.

2023 жылы Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрында ұлттық құндылықтарды насихаттау бағыты бойынша 364 іс-шара өткізіліп, 37 800 көрермен қамтылды.

Осы жылы Мемлекеттік қуыршақ театры репертуарында ұлттық құндылықтар, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, ана тіліміз бен мәдени-руханиятымызды дәріптейтін отандық авторлар және ұлттық драматургияны қамтыған 10 қойылым қазақ және орыс тілдерінде үздіксіз көрсетілуде.

2024 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында ұлттық құндылықтарды насихаттау бағыты бойынша 66 іс-шара өткізіліп, 3619 көрермен қамтылды. 2024 жылы кішкентай көрермендерге және жасөспірімдерге арнап ұлттық рух, қазақы дүниетаным мен адами асыл қасиеттерге үндейтін «Алдар көсе», «Тазша бала», «Менің атым Қожа», «Қорқыт» қойылымдарын сахналанады.

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақ мемлекеттік циркі «Цирктің ғажайып әлемі» халықаралық көрмесінде қазақ циркінің жарты ғасырлық тарихын әлемдік цирктермен қатар көрсетті. Бұл көрме Будапешттегі XV-Халықаралық цирк фестивалі аясында осы жылы 10-15 қаңтар аралығында өткізілді.

Сонымен қатар, «Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» Ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған, рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру бойынша жыл сайын 4 мыңнан астам түрлі іс-шаралар ұйымдастырады. Олардың қатарында «Қазақ әдебиеті» газетіне 90 жыл, С.Ерубаевтың 120 жылдығы, Б.Соқпақбаевтың 100 жылдығы, С.Жүнісовтың 90 жылдығы, Ауғанстан Республикасынан Кеңес әскерлері шығарылғанына 35 жыл, Ә.Нұрпейісовтың 100 жылдығы, Халық қаһарманы Р.Қошқарбаевтың 100 жылдығы және т.б. айтулы күндер, ақын-жазушылар мен мемлекеттік және ұлттық мерекелер қамтылады.

Алматы қаласы әкімдігінің жобалары аясында «Жас қаламгерлер мектебі», «Жастар кітап таңдайды», «Мамандық кілті...», «Кітаппен саяхат», «Шешендік өнер», «Кітапхана жас кәсіпкерлерге арналған алаң» сияқты түрлі іс-шаралар жүзеге асырылады.

Алматы қаласының музейлер бірлестігі Ұлы дала халқының тарихын, көшпенділер мәдениетін, қазақтардың дәстүрі мен тұрмысын, философиясын және дүниетанымын таныстыру мақсатында Сеул, Стамбул Неаполь, Вена қалаларында халықаралық көрмелер өткізді.

 

                                                  Білім беру

 

Алматы қаласы әкімдігі Ұлттық құндылықты қалыптастыру жобалары аясында 215 білім беру ұйымында, 300 мыңға жуық өскелең ұрпақты тәрбиелеу мақсатында іс – шара өткізді. Оған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша атқарылған есебінен келесідей нәтижеге қол жеткізіп отыр:

  1. Тұлғаны тәрбиелеу барысында құндылықты түсіну;
  2. Ұлттық салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа құндылықтық көзқарас қалыптастыру;
  3. Ұлттық құндылықтар негізінде білім беруді жүзеге асырудағы инновациялық тәжірибе жинақталған, бағдарламасының жүзеге асырылуы;
  4. Мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кәсіби шеберлігін өсіру.

 

                                          Жастар ұйымдарымен жұмыс

 

Алматы қаласы әкімдігі «Youth Nomads» жобасы аясында NEET санатындағы жастарды қоғамда жан-жақты дамытуға септігін тигізу үшін ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастыруда. Жобаның басты мақсаты жастардың ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылықтарын арттыру, жасөспірімдер және жастар арасындағы ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын кеңінен насихаттау, тұрғылықты жұмысы жоқ жастар арасында ұлттық ойын түрлері мен жастардың қоғамдағы рөлін дәріптеу.

2024 жылғы 31 мамырда жоба аясында фестиваль ұйымдастырылып, 5 ұлттық спорт ойындары бойынша жарыс өткізілді. Фестиваль барысында қолөнер көрмесі, концерттік бағдарлама, ойын-сауық ойындары ұйымдастырылды. Жобаға қаланың 4000-нан астам NEET санатындағы жастары тартылды.

Қаланың әр ауданындағы комьюнити-орталықтар құндылықтарды насихаттау мақсатында ай сайын семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, зияткерлік ойындар, пікірталастар өтеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда еліміздің болашақ бейнесін «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» деген үштаған ұғым арқылы сипаттап берді. Адал азаматты тәрбиелеу отбасы мен қоғамдағы ұлттық құндылықтармен тікелей сабақтас екені анық.

Өзгелердің жаңалығы