Алматыда төтенше жағдай режимін бұзған 12 адам ұсталды

25 Наурыз 2020, 12:09
2850
Бөлісу:
Алматыда төтенше жағдай режимін бұзған 12 адам ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында бір тәулікте төтенше жағдай режимін бұзған 12 адам ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Он екі адамның да карантиндік қадағалау нысандарынан заңсыз жолмен өту әрекеттері сәтсіз аяқталды. Бірнеше оқиға Алматы қаласына іргелес тосқауыл-бекеттерде болды. Олардың ішінде айналма жолмен өтуге тырысқан азаматтар да бар.

Түрлі амал-айлаға баратын азаматтар бекеттерді айналып өтуге тырысады. Агрессия көрсетіп, қарсылық танытып, тіпті полиция өкілдерінің заңды талаптарына да бағынғысы келмейтіндер кезігіп жатады. Жалпы, төтенше жағдай режимін бұзғандарға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу туралы жаза қарастырылады. Бұдан өзге, төтенше жағдай жарияланған аумақта билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбаған азаматтарға 2000 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге түзеу жұмыстары, не сол мөлшерде қоғамдық жұмыстарға тарту, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, - деп хабарлайды Алматы облысы Іле аудандық полиция басқармасының басшысы Марат Куштыбаев.

Ұсталған азаматтардың барлығы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазір күдіктілер бестен сегіз тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынды.

Өзгелердің жаңалығы