Алматыда түрік киносының апталығы өтіп жатыр

28 Қазан 2021, 16:07
296264
Бөлісу:
Алматыда түрік киносының апталығы өтіп жатыр

Алматы, BAQ.KZ. 27 қазанда Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров пен Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Мисбах Ахмет Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Түркия Республикасының 98 жылдығына арналған түрік фильмдері апталығының ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы Almaty.tv хабарлады.

Алматыда мұндай іс-шара алтыншы рет өткізіліп отыр, биыл алматылық көрермендерге «Арман» кинотеатрының базасында 31 қазанға дейін бірқатар түрік фильмі ұсынылады әрі барлығы тегін көрсетіледі.

Айта кетерлігі, Түркия Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін таныған алғашқы ел болды. Бүгінде Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімшарт қолданыста.

Түркі халықтарының ерекше бауырластық қатынастары аясында елдерде мәдени іс-шаралар белсенді түрде өткізіліп келеді. Өз кезегінде Кино өнері екі елдің ортақ мәдени-гуманитарлық құндылықтарын ілгерілетуде айрықша орын алады. Фестиваль тұжырымдамасы мәдениет пен тарихқа назар аударудан, екі ел халықтары арасындағы өзара түсіністікті қалыптастырудан тұрады.

Өзгелердің жаңалығы