Алматыда тұрғын үйлер арасында тікұшақ ұшып жүр – ТЖД түсініктеме берді

Қаладағы тұрғын үйлерге жақын қашықтықта ұшып жүрген тікұшақ алматылықтардың алаңдаушылығын тудырды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

 Видеодан кадр 27 Маусым 2025 2025, 17:10
27 Маусым 2025 2025, 17:10
1335
Фото: Видеодан кадр

Қаладағы тұрғын үйлерге жақын қашықтықта ұшып жүрген тікұшақ алматылықтардың алаңдаушылығын тудырды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматы қаласы ТЖД бұл жайтқа қатысты түсініктеме берді.

“Орион” тұрғын үй кешенінің аумағында Төтенше жағдайлар департаментінің арнайы-тактикалық оқу-жаттығуларына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. 17 маусым күні басталған дайындық 30 маусымға дейін жалғасады, – деп хабарлады қалалық ТЖД.

Департамент мәліметінше, бұл 1-шілдеде өтетін жоспарлы ауқымды тактикалық – оқу жаттығу өткізуге арналған дайындық іс-шаралары тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Наверх