Алматыда тұрғын үй кезегінде тұрған 105 адам баспана кілтіне ие болды

4 Маусым 2024, 12:18
412
Бөлісу:
Алматыда тұрғын үй кезегінде тұрған 105 адам баспана кілтіне ие болды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласында «Alem City-2» ТҮК орналасқан 5 үйден ХӘОТ санатындағы тағы 105 кезекте тұрған жандарға салтанатты түрде пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараны осы кешендегі пәтер кілтін табыстау рәсімінің жалғасы деуге болады. Естеріңізге сала кетейік, биыл 25 мамырда ХӘОТ санатындағы бірінші кезекте тұрған 124 адамға жаңа пәтерлердің кілті табысталды, ал 28 мамырда тағы 164 азамат баспаналы болды.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 2024 жылы «Халықтың әлеуметтік осал топтары» тізімі бойынша кезекте тұрған азаматтарға кезек ретімен қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан 2000 жалға берілетін пәтер беру жоспарланып отыр, оның 400-і жетім балаларға беріледі. Осылайша, ХӘОТ санатындағы кезекте тұрған 105 адамға пәтер былай беріледі: жетім балалар - 30, 1 және 2 топтағы мүгедек – 8, жеңілдік бойынша ҰОС-ға теңестірілген ардагер – 1, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы – 6, зейнеткерлер – 8, толық емес отбасы – 52. Барлық пәтер кең, таза әрлеуде беріледі, - деді Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Әбдішүкірұлы.

Алматыда мұндай жобаларды іске асыру қала тұрғындарының, әсіресе қиын өмірлік жағдайға тап болғандардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Қала билігі азаматтардың әлеуметтік осал санатына қажетті қолдауды қамтамасыз ете отырып, тұрғын үй мәселесін шешу бойынша белсенді жұмысын жалғастырып отыр. Жаңа пәтер иелері баспананың тамаша сыйлық болғанын, оның жаңа мүмкіндіктерге ашатынын атап өтті.

Ұялы телефоныма қоңырау шалып, пәтердің иесі болғанымызды айтты, басында сенбедім. Біз үшін бұл үлкен бақыт және тосынсый! Ұлымды жалғыз асырап отырған мен үшін бұл мемлекет тарапынан үлкен қолдау. 2015 жылы кезекке тұрған едім, - деді алматылық Виктория Гришина.

Өзгелердің жаңалығы