Алматыда жексенбіге қараған түні жеке үй, гараж және монша өртенді, зардап шеккендер мен құрбандар жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі оқиғаның егжей-тегжейін хабарлады.
Жетісу ауданы И.Крылов көшесіне, шақырту орнына жеткен өрт сөндірушілер монша, гараж және жеке үй өрттеніп, жалын көрші шаруашылық құрылысқа көшкенін анықтады, - делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер дереу суды үздіксіз жеткізіп, әмбебап оқпандарды қосу арқылы өрттің көрші үйлерге тарау қаупін жойды.
200 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.