Алматыда цех отқа оранды

Қаланың Түрксіб ауданындағы ғимараттардың бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

 ТЖД баспасөз қызметі 24 Қаңтар 2025 2025, 12:27
24 Қаңтар 2025 2025, 12:27
619
Фото: ТЖД баспасөз қызметі

Қаланың Түрксіб ауданындағы ғимараттардың бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

ТЖД мәліметінше, сағат 09:53-те Милин көшесі 85 мекенжайындағы полиуретанды желім өндіретін екі қабатты цехтен шақырту келген.

Екі қабатты полиуретан желімін өндіретін цехта 250 ш.м. алаңда өрт шыққан. Өрттің нақты себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіру жоғары жанғыш жүктемемен және тез тұтанатын сұйықтықтардың, цехтың өндірістік процесінде айналатын улы заттардың болуымен қиындады. Жақын маңдағы ғимараттарға өрттің таралу қаупі сейілді. Өрт сағат 10:45-те оқшауланды, - деді Алматы қаласы ТЖД-ның баспасөз хатшысы Гүлдана Нұрымбетова.

Наверх