Жаңа "Mass Alert" жүйесі 1 маусымға дейін енгізілетінін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мамырдың ортасында мәлімдеген еді, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар жөнінде тұрғындарға «Cell Broadcast» технологиясы арқылы хабарланатын болады. Бұл байланыс желісіне салмақ түсірмей, базалық станция антендері бар аумақта барлық абонентке жылдам әрі жаппай хабарлама жіберуге мүмкіндік бермек, - деген болатын Е.Досаев.