Алматыда тіркелген 2 науқас коронавирусты Қазақстанда жұқтырған

23 Наурыз 2020, 11:01
11938
Бөлісу:
Алматыда тіркелген 2 науқас коронавирусты Қазақстанда жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екі пациент бұған дейін осы індетті жұқтырған жандармен байланыста болған. Бұл туралы Алматыда Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты.

Олардың бәрі стационарда карантинде болған.

Әбілдаевтың айтуынша, коронавирус инфекциясын анықтау және емдеу протоколына сәйкес ем-дом шаралары басталды. Екі пациенттің де жағдайы қанағаттанарлық.

Бүгінгі таңда Қалалық жұқпалы аурулар аурханасында 22 пациент, ал Балалар жұқпалы аурулар ауруханасында 2 бала және ауру жұқтырған 1 ана бар.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қазір екі аурудың, оның ішінде бір баланың денсаулығы орташа ауыр жағдайда, қалған пациенттердің денсаулығы қанағаттанарлық екенін айтты.

Бүгінде қаланың провизорлық госпитальдарында карантинде 660 азамат, ал үй карантинінде 1472 адам бар.

Карантинге оқшауланған барлық азаматтың дене қызуы қалыпты деңгейде, катаральды құбылыстар жоқ.

Өзгелердің жаңалығы