Алматыда тікұшақ құлап, пилот қаза тапты

Астана, BAQ.KZ. Алматыда "Алатау" санаториясы аумағында жеке тікұшақ құлады, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

"17 қаңтардда сағат 16:05 Алматы қаласы Наурызбай ауданы Тау самалы шағын ауданындағы "Алатау" санаториясының ашық аумағында "Sky Service" әуекомпаниясының Еврокоптер-130  маркілі жеке тікұшағы құлады. Бортта 1968 жылы туған пилот болған. Ол жедел жәрдем машинасында қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Тікұшақ Боралдай-Үлкен Алматы өзені бағытында ұшып келе жатқан. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті осы апат бойынша тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады.

"Sky-service" компаниясының "Еврокоптер-130" тікұшағы (UP-EC038 борт нөмірлі) Боралдай әуежайынан ұшып, "Үлкен Алматы" айналасында қонғанға дейін апатқа ұшырады. Әуе кемесінің бортындағы пилот-командир Шитов Валентин Викторовичті тапқанда тірі  болған. Ол жедел жәрдем машинасымен ауруханаға бара жатқан кезде жол үстінде қайтыс болды.  ҚР ИИМ мен көлік апаттарын тергеу департаменті тергеуді бастап кетті" , - деді Азаматтық авиация комитеті

17 Қаңтар 2019 2019, 18:05
17 Қаңтар 2019 2019, 18:05
17 Қаңтар 2019 2019, 18:05
2354
Наверх