Алматыда терроризмге қарсы операция режимі енгізілді

26 Қаңтар 2022, 12:19
1442
Бөлісу:
Алматыда терроризмге қарсы операция режимі енгізілді

Алматы, BAQ.KZ. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб осы жылдың 26 ​​қаңтарында сағат 00.00-ден 27 қаңтар сағат 00.00-ге дейін Алматы қаласы Түрксіб ауданы аумағында антитеррорлық іс-шара режимі енгізілгенін хабарлады.

Терроризмге қарсы іс-шаралар барысында ағымдағы жылдың 4-6 қаңтары аралығында Алматы қаласындағы мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық нысандарға қарақшылық шабуыл жасаған ұйымдасқан қылмыстық топтың бес жетекшісі мен мүшелері ұсталды. Тұтқындау кезінде күдіктілерден қару-жарақ («ПМ», «ТТ» маркалы тапаншалар, кесілген шолақ мылтық, оларға арналған патрондар), ұнтақ тәрізді зат және ерекше иісі бар таблеткалар тәркіленді. Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарауларыңызды, олардың заңды талаптарын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Қалада арнайы және құқық қорғау органдары жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушылар мен ұйымдастырушыларды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жалғастырып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы