Алматыда тері қатерлі ісігінің алдын алу үшін тегін тексерілуге болады

Алматының онкологиялық орталығы қала тұрғындары мен қонақтары үшін Ашық есік күніне шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

26 Мамыр 2023 2023, 13:35
АВТОР
 Алматы қаласының әкімдігі 26 Мамыр 2023 2023, 13:35
26 Мамыр 2023 2023, 13:35
1887
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматының онкологиялық орталығы қала тұрғындары мен қонақтары үшін Ашық есік күніне шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шара дүниежүзілік меланома мен тері қатерлі ісігімен күресу күніне орай өтеді. Ниет білдірушілер мамандардың кеңесін алып, алғашқы тексеруден өте алады.

Орталық дәрігерлері тері қатерлі ісігі онкологияның ең агрессивті түрі екенін айтады. Заманауи емдеу әдістері бұл аурумен тиімді күресуге мүмкіндік береді. Ерте диагноз емдеудің сәтті болу мүмкіндігін бірнеше есе арттырады. Соған қарамастан, жыл сайын Алматыда дәрігерлер мыңға жуық науқасты анықтайды.

Наверх