Алматыда тегін нан таратыла бастады

9 Қаңтар 2022, 14:13
2255
Бөлісу:
Алматыда тегін нан таратыла бастады
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Еріктілер азық-түліктен қиналған халыққа қолұшын созып, үй-үйді аралап тегін нан таратып жүр.

Қалада бірнеше күннен бері азық-түлік тапшылығынан қиналған тұрғындарға еріктелер тегін нан таратып жүр. Еріктілер бүгін «Таугүл-2» ықшамауданы тұрғындарына «Ақсай нан» зауытының бір қорап нанын жеткізген.

Алматыда тегін нан таратыла бастады

Үйде отырғанымын, даладан дауыс күшейткішпен «нан алыңыздар, тегін нан» деген дауыстар шықты. Барсам 3-4 жігіт көліктен бір қорап нанды түсіріп, «көршілеріңізге таратып берерсіз» деп тастап кетті. Кейін көршілердің барлығы келіп ала бастады. Еріктілер қандай қордан, қандай мекемеден екендерін айтпады. Осындай қиын сәтте қолұшын созып жатқан адамдарға мың алғыс,-дейді қала тұрғыны Ерден Смайыл.

Айта кетсек, қаладағы жағдай тұрақталып келеді. Қала әкімдігі азық-түлік тапшылығы болмайтынын және бүгіннен бастап ірі азық-түлік дүкендері ашыла бастайтынын хабарлады. Дегенмен, қала шетінде тұратын тұрғындар азық-түлік тапшылығын көріп отырғанын хабарлауда. Әуежай маңындағы шағынаудандарда нан 250 теңгеден сатылып жатыр екен.
 

Өзгелердің жаңалығы