Алматыда театрлардың жұмысына рұқсат берілді

5 Қазан 2020, 10:52
1165
Бөлісу:
Алматыда театрлардың жұмысына рұқсат берілді

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа Қаулысы бойынша 6 қазаннан бастап қаладағы театрлардың жұмысы қайта жанданады.

Аталған қаулыда отыратын орындар 50% толғанда және әлеуметтік ара қашықтық сақталған кезде тетарлардың қызметіне рұқсат беру керектігі айтылған.

Сондай-ақ күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, профилактикалық тексеру жүргізе отырып желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз еткен кезде рұқсат беру. Ауаны залалсыздандыруды ауа рециркуляторларын, кварцты және бактерицидті шамдарды және басқа да зарарсыздандыру құралдарын қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес (ережелерді қатаң сақтаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдететін адамдар болмаған кезде) пайдалана отырып жүзеге асыру ұсынылады. Ауа рециркуляторларын адамдар болмаған кезде пайдалануға рұқсат етіледі, - делінген қаулыда.

Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсететін бірқатар нысанның жұмыс істеу уақыты ұзартылды.

Халыққа байланыссыз қызмет көрсету объектілері үшін, яғни автожуу, жеңіл автомашиналарға техникалық қызмет көрсету станциялары, шиномонтаждық учаскелер, тұрмыстық техниканы жөндеу, аяқ киім шеберханалары, химиялық тазалау, кір жуу және тағы басқа қывзметтердің жұмыс режимін сағат 10:00-ден 00:00-ге дейін ұзарту қарастырылсын, - делінген.

Қаулы 2020 жылғы 6 қазан сағат 00:00-де күшіне енеді.

Өзгелердің жаңалығы