ТЖМ құтқарушылары таудан екі жасөспірімді түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Алматы қаласының Қарасай ауданындағы Терра алаңында Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары екі жас туристі құтқарып, таудан түсірді.
Белгілі болғандай, жасөспірімдер 2008 жылы туған. Олар таңертең тауға көтеріліп, өздігінен қайтып түсе алмай 112 нөмірі бойынша көмек сұрады, - делінген министрліктің ақпаратында.
Жас туристтерге медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ таудағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.