Алматыда тау кластерін дамытудың шеберлік-жоспары жасалды

21 Қаңтар 2019, 15:09
2189
Бөлісу:
Алматыда тау кластерін дамытудың шеберлік-жоспары жасалды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімдігінің тапсырысы бойынша Австрияның «Master Concept» компаниясы мегаполис айналасы мен алматылық агломерацияның 2030 жылға дейінгі тау кластерін дамытудың шеберлік-жоспарын жасады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Туризм саласын дамыту мақсатында өңірдің барлық тау локациялары қамтылатын болады, оның ішінде Турген, Ақ Бұлақ, Oi-Qaragai Lesnaya Skazka, Табаған, Бутаковка, Пионер, Көкжайлау, Шымбұлақ және Қаскелең.

«Master Concept» компаниясының бас директоры Гернот Ляйтнер өзінің сөзінде алматылық өңірдің тау кластерінің туристік потенциалының өте жоғары екенін айтты. Шеберлік-жоспар аясында 470 км соқпа және 85 км велосипед жолдарын, 45 км атпен жүру бағыттарын, 250 км шаңғы трассаларын дамыту қарастырылған, бұл тарссалардың ағымдағы ұзындығынан 6 есе көп.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Алматы облысы әкімдігінің басшылығымен бірге көшпелі жиын өткізіп, өңірдің барлық тау локацияларын қарап шықты.

Алматы әкімі тау аумағында қожетімді спорттық-отбасылық курорт ұйымдастыру үшін «ЦСКА» тау шаңғысы базасын қаланың коммуналдық меншігіне беру жөнінде мәселені қарастыруды тапсырды.

Бұлардан өзге, Бауыржан Байбек тау туризмін дамыту мақсатында «Пионер», «Oi-Qaragai Lesnaya Skazka» тау курорттарына дейін қала маңындағы елді мекендерде тасымалдауды ұйымдастыруды тапсырды. Жаңа автобус бағыттары аптасына үш рет (Жұма – Сенбі – Жексенбі) күндері 2-3 сағаттық интервалмен қатынайтын болады.

Айта кетерлігі, тау кластерін дамыту туралы шеберлік-жоспарын жасау жөніндегі меморандумға қол қоюға Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдікітері, Іле-Алатау ұлттық паркі, «Қазақ туризм» және «Master Concept» компаниялары қатысты. Шеберлік-жоспарының концепциясын талқылау тобына мемлекеттік органдардың, туризм саласындағы халықаралық компаниялардың, қоғамдық қорлардың, туристік ассоциациялардың, жоғары оқу орындарының, спорттық туризм федерациясының өкілдері енді.

Өзгелердің жаңалығы