Алматыдағы ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Татьяна Навканың шоуына билеттер сатылымы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл ақпаратты әкімдік те растап отыр.
Іс-шараны өткізу немесе тоқтату мәселесі тікелей шоу өтуі тиіс «Алматы Арена» кешенінің өкілдері мен Татьяна Навка агенттері арасындағы шарттық қатынастар саласына кіреді, - деді әкімдіктің спорт басқармасы.
Сонымен қатар «Алматы Арена» кешенінің концерт бөлімінің әкімшілігі таратқан ақпарат бойынша, ұйымдастырушылар концертті өткізбеуі мүмкін.