Сейсмикалық станциялар желісі Алматыда тағы да афтершокты тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 281 шақырымда, Қытай аумағына қарай орналасқан.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің уақыты – Алматы уақыты бойынша 22 сағат 34 минут 42 секундқа сәйкес келген (Гринвич бойынша 16 сағат 34 мин 42 секунд).
Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 11.2. Магнитудасы MPV 4.6. Эпиошақ координаталары солтүстік-батыс бойынша - 41.02°, шығыс бойлық бойынша 78.62°. Тереңдігі - 5 км, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ МSК-64 шкаласы бойынша Қазақстан аумағында сезілуі туралы деректер жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда бір сағат ішінде екі рет жер сілкінгені туралы жазған болатынбыз. Алғашқы жер сілкінісі сағат 19:26:24-те орын алды, арада 18 минут өткенде екінші рет қайталанды.