Алматылықтар тағы да жер асты дүмпулерін сезді, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық ТЖД сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, бұл жолы күші 2 балл болатын жер асты дүмпуі сағат 05:19 тіркелді.
Бұған дейін Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев Алматыдағы жақын арада күшті жер сілкінісінің болу ықтималдылығына қатысты пікір білдірген болатын.