Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде Алматы қаласының прокуратурасы тұрақты түрде маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы қаласында кәсіпорындарға өндірістік алаңдар құру жөнінде «Magnit plus» ЖШС-нің инвестициялық жобасы іске асырылуда. Инвестицияның жалпы көлемі шамамен 530 млн теңгені құрайды, оны іске асыру 25-тен астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Алайда Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы инвесторға нысанның құрылысына сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруден негізсіз бас тартқан (уәкілетті орган - қолданыстағы заңнамада көзделмеген құжатты, яғни келісу парағын талап еткен). Алматы қаласы Түрксіб ауданының прокуратурасы әкімдікке қадағалау актісін енгізу арқылы уәкілетті орган тарапынан болған заңсыз әрекеттердің жолын кесті, - деді Алматы қаласы прокуратурасы.