Алматыда тағы 2 балдық жер сілкінісі сезілді

27 Қаңтар 2024, 15:29
6157
Бөлісу:
Алматыда тағы 2 балдық жер сілкінісі сезілді

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Сейсмологтар мұның афтершок екенін түсіндірді.

Жерасты дүмпулері Астана уақытымен 15:03 болған.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12,0.

Магнитудасы MPV – 5,5.

Тереңдігі – 5 км.

MSK-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматыда 2 балл болып сезілген.

Өзгелердің жаңалығы