️Алматыда тағы бір науқас емделіп шығарылды

2 Сәуір 2020, 12:54
1332
Бөлісу:
️Алматыда тағы бір науқас емделіп шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 90 жағдайы тіркелді, деп хабарлады  Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

 
Инфекциялық стационарларда Алматы облысынан 1 пациентті ескере отырып, КВИ 80 адам жатыр, оның ішінде 1 бала бар. 
68 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жай-күйі – ауыр, 10 ересек адамның жай-күйі орташа ауырлық деңгейінде (1 облыстық). Барлық емдеуге жатқызылғандардың ішінде екі жаағдай – бұған дейін анықталған пациенттермен байланыста болған адамдар. Барлық байланысқан адамдар бүгінгі күні табылған және оқшаулауға орналастырылған. Covid-19-дан сауығып, тағы бір пациент ауруханадан шығарылды, -делінген ақпаратта.  
Жалпы, қазіргі уақытта коронавирустық инфекция расталған, сауығып ауруханадан шығарылғандар саны 11 адамды құрайды. Провизорлық орталықтарда барлығы 619 адам бар, оның ішінде 81-і бала. Екі күндік карантиндік оқшаулауда 520 адам жатыр, оның ішінде 50-і бала. 
Үй карантинінде 3853 азамат бар.


Өзгелердің жаңалығы