Алматыда судья пара алды деген күдікке ілінді

25 Қазан 2019, 17:05
2115
Бөлісу:
Алматыда судья пара алды деген күдікке ілінді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ішкі қауіпсіздік және ҚР Жоғарғы сотының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесе отырып Наурызбай аудандық соты судьясының пара алу фактісінің жолын кесті.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Судья 97 млн теңге мөлшеріндегі өтемақы сомасын анықтай отырып, метрополитен тармағының құрылысы үшін жер учаскесін алу туралы азаматтық іс бойынша шешімді қожайынның пайдасына шешкені үшін осыған дейін алған 100 мың теңге және 1 900 АҚШ доллары көлеміндегі парасын қайтару кезінде қылмыс үстінде ұсталды", - делінген хабарламада. 

2019 жылдың 25 қазанында қылмыстық қудалаудан босатылған судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруға Бас прокурордың келісімі алынды. 

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.


Өзгелердің жаңалығы