Алматыда су тасқыны болуы мүмкін

12 сәуірде қатты жауын жауып, таулы аймақтарда су деңгейінің көтерілуі ықтимал, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

 11 Сәуір 2024 2024, 17:21
11 Сәуір 2024 2024, 17:21
11719

12 сәуірде қатты жауын жауып, таулы аймақтарда су деңгейінің көтерілуі ықтимал, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

Қауіпті белгілерден асқан жағдайда Алматы қаласының аумағына іргелес тау бөктері мен аудандарда, су тасқыны болуы ықтимал, - делінген хабарламада.

Осыған байланысты төтеншеліктер тұрғындарды арықтарды қоқыстан тазартуға шақырды

Наверх