Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан 42 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Полиция мәліметінше, ер адам бірнеше ай бойы психотроптық заттарды сатқан. Мамырда полиция қызметкерлері ер адамды жедел шара кезінде ұстады.
Құқық қорғау органдары есірткі сату тізбегінің басқа да мүшелерін анықтау үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы "Есірткі заттарын заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау, жөнелту немесе өткізу" бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ұсталған тұрғын Алматы қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалған.