Өткен аптада қалада ЖРВИ, тұмау ауруларының 7129 жағдайы анықталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлімдеді.
Өткен аптада ЖРВИ, тұмау ауруларының 7129 жағдайы тіркелді, тіркелді, 100 мың тұрғынға шыққандағыкөрсеткіші - 310,97. Бұл аурудың 55,3% балаларды қамтиды (3941 жағдай). Эпидемиологиялық маусымныңқараша айының ортасынан бері тұмаудың зертханалық расталған 282 жағдайы, оның 127 - і А типі А/H1N1 және В типі - 155, науқастарға ем тағайындалған, жағдайлары қанағаттанарлық. Қалада жіті респираторлық вирустық инфекциялардың басқа да вирустары: риновирус, бокавирус, РС вирус, аденовирус, парагрипп және маусымдық коронавирустар айналымда жүр, - деді Қасымхан Алпысбайұлы.
Зертханалық мониторинг нәтижелері бойынша қалада тұмауға жатпайтын басқа ЖРВИ вирустары анықталды: риновирус - 20, парагрипп - 2, РС - 51, аденовирус - 1, бокавирус - 1, 11 сынамада маусымдық коронавирус (зеттелген 290 сынаманың 86 - де оң нәтиже). Метапневмовирус тіркелген жоқ.