Алматыда "Шетелдің архивтік қорларындағы Еуразия тарихы" көрмесі ашылды

7 Қазан 2024, 15:37
1165
Бөлісу:
Алматыда "Шетелдің архивтік қорларындағы Еуразия тарихы" көрмесі ашылды
PHOTO
Фото: автордан

Іс-шараны Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Мемлекеттік орталық музейі бірлесіп ұйымдастырған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Көрмеде ішкі Монғолияның тарихи музейінде сақталған б.з.д III ғасырдағы ғұн тәңірқұтының алтын тәжі, Францияның Лувр музейіндегі Қ.А. Йассауи кесенесіне арнап жасалған Әмір Темірдің есімі бар майшамның фотосуреті, Иранның «Менджлис» кітапханасындағы Исмаил хан, Шайбани, Қасым ханға қатысты тарихи деректер жазылған кітаптар қойылған.

Алматыда "Шетелдің архивтік қорларындағы Еуразия тарихы" көрмесі ашылды
Алматыда "Шетелдің архивтік қорларындағы Еуразия тарихы" көрмесі ашылды

Көне және ортағасырлық дереккөздер призмасы арқылы ертеден қазіргі заманға дейінгі қазақ мемлекеттілігі тарихының шынайы бейнесін қалпына келтіру. Көрмеде қазақтың этногенезі, мәдениеті және мемлекеттік дәстүрлерін зерттеуде құнды мағлұмат болып табылатын қытай, түркі, моңғол, иран және араб дереккөздерінің материалдары бар. Пәнаралық тәсілдер мен жаңа әдістемелік негіздердің арқасында, бұл материалдар Ұлы дала аумағындағы тарихи процестер мен оның іргелес аймақтардағы мәдени әсерін тереңірек ұғынуға мүмкіндік береді,- деді ҚР Мемлекеттік орталық музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ғалия Теміртон.

Көрмеде ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгі қазақ елінің объективті тарихын қалпына келтіру мақсатында, шетелдің архивтері мен қорларынан алынған тарихи жәдігерлердің бірегей көшірмелері ұсынылды.

Алматыда "Шетелдің архивтік қорларындағы Еуразия тарихы" көрмесі ашылды
Алматыда "Шетелдің архивтік қорларындағы Еуразия тарихы" көрмесі ашылды

"Ұлы дала тарихы мен мәдениеті бойынша карталар каталогы" қойылды. Бұл каталогқа Еуразиядағы геосаясат, мәдени трансформациялар және халықтар әрекеттестігіндегі өзгерістерді көрсететін бірегей карталар енген. Каталог Ұлы дала тарихы және мәдениетімен айналысатын ғалымдар, тарихшылар және жалпы жұртшылық үшін құнды дереккөз болмақ.

Қазақ хандығы тарихы және оның көршілес мемлекеттермен қатынасы, сондай-ақ, қазақтардың мемлекеттік құрылысы және этникалық сәйкестілігі мәселелеріндегі түйінді сәттерінің басын ашатын «Архив-2025» мемлекеттік бағдарламасышеңберінде табылған материалдарға айрықша назар аударылады. Көрмеде заманауи Қазақстандағы ұлттық сәйкестілікті қалыптастыруға негіз болатын тарихи сабақтастық пен мәдени әрекеттестіктің маңыздылығына ерекше көңіл бөлінген,- деді тарих ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Меруерт Әбусейітова.

Алматыда "Шетелдің архивтік қорларындағы Еуразия тарихы" көрмесі ашылды
Алматыда "Шетелдің архивтік қорларындағы Еуразия тарихы" көрмесі ашылды
Өзгелердің жаңалығы