Әлеуметтік желілерде қаладағы пәтерлердің бірінен Ресей Федерациясының 50 жастағы азаматының бөлшектелген денесі табылғаны жайлы ақпарат тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Қайғылы оқиға қаланың Әуезов ауданында болғаны анықталды.
Аталған жағдайға Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді.
Бұл дерек бойынша Әуезов аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр, - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында әйел адам өз баласын ұрып өлтіргені жайлы жазған едік.