Алматыда сейсмикалық қауіпті ғимарат саны айтылды

21 Сәуір 2023, 12:47
980
Бөлісу:
Алматыда сейсмикалық қауіпті ғимарат саны айтылды
Фото: Алматы қаласының мәслихаты

Алматыда 3 мыңнан астам ғимарат сейсмикалық қауіпті нысандар қатарына кіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы сегізінші шақырылған Алматы мәслихатының сессиясында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин айтты.

Алматы қаласында 3 087 нысан сейсмикалық төзімсіз деп танылды. 1116 нысан тектоникалық бұзылулар аймағында орналасқан. 754 нысан сейсмикалық төзімді, 362 ғимарат сейсмикалық аймақта емес. Сеймикалық қауіптің алдын алу мақсатында Әл-Фараби даңғылының жоғарғы бөлігіндегі ғимараттар 3 қабаттан жоғары, ал Абай даңғылының бойындағы нысандар 9 қабаттан жоғары салуға тыйым салынды, – деді әкім.

Сондай-ақ Әмрин тұрғын үйлерді паспорттау жұмысына 2 млрд теңге бөлінетінін айтты.

Осыған байланысты жергілікті бюджеттен 15 мың азаматтық және қоғамдық ғимараттарды, 1600-ден астам көппәтерлі тұрғын үйлерді паспорттау жұмыстарын жүргізуге 2 млрд теңге бөлу жоспарланды, – деді шаһар басшысының орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы