2024 жылдың 6 айында серозды менингиттің 6 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлімдеді.
Ауырғандардың 5-і (83,3%) - 14 жасқа дейінгі балалар, біреуі - 15-18 жастағы жасөспірім. Контингент бойынша: екі жағдай (33,4%) мектеп оқушылары мен ұйымдасқан балалар арасында, бір жағдай (16,6%) ұйымдастырылмаған балалар және студенттер арасында тіркелді. Ауру ошақтарында 625 байланыста болған адам анықталды,- деді Қасымхан Алпысбайұлы.