Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда ҚР Ұлттық кітапханада режиссер Алексей Каменскийдің "Сералы Қожамқұлов" атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті.
"Қазақ Ренессансы" циклы бойынша түсірілген кинотуындыны ҚР мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген.
Деректі фильм XX ғасырдың басында елімізде тұңғыш Ұлтық театрдың негізін салушылардың бірі Сералы Қожамқұловтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайды. Табиғи талантымен сахна өнерін меңгерген өнер иесі қазақ киносының актерлік мектебін де қалыптастыруға тікелей араласқан.
Айта кетсек, фильмнің тұсаукесеріне Серке Қожамқұловтың қыздары – Рената, Балым, Мәриам және Салиха Қожамқұловалар қатысып, әкелері туралы естеліктерімен бөлісті.Серке Кожамқұлов – ұлттық кәсіби театр және кино өнерінің негізін қалаған хас шеберлердің бірі. Ашаршылық пен соғысты өз көзімен көрген дарын иесі ешбір қиындықтарға қарамастан өмірінің соңына дейін өнерге адал қызмет етті, - деді кеш басында сөз сөйлеген Қазақстан кинематографистер одағының төрағасы Ермек Тұрсынов.
"Қазақфильм" киностудиясының президенті Арман Әсенов Сералы ағамыздың жарқын бейнесі мен ұлт өнеріне сіңірген еңбегі халық жадында мәңгі сақталатынын айтты.Он бір баладан қазір бесеуіміз ғана қалдық. Әкеміз білімге қатты көңіл бөлетін, соның арқасында бүгінде әрқайсымыз аяғымызға нық тұрып, өз орнымызды таптық. Менен басқасы барлығы да ата-анамыздың жолын қуып, өнер әлемінде қызмет етіп келеді. Осындай тамаша туындыны шығарған "Қазақфильм" киностудиясына, картинаның түсіру тобына алғысымды білдіремін, - деді актердың қызы Рената Қожамқұлова.
Сонымен қатар, Арман Әсенов биыл "Қазақфильм" киностудиясында қазақ қыраны Нұркен Әбдіров, әйгілі актер Қалибек Қуанышбаев, көрнекті жазушы Ілияс Жансүгіровтың өмірлері туралы баяндайтын деректі фильмдердің жарыққа шыққандары туралы айтты.Бүгінгі кешке қатысып отырғаныма өте қуаныштымын. Ұлтымыздың біртуар актері, қайталанбас тұлғасы Серағамыздың артынан қалған қыздары бүгінде еліміздің мәдениетіне елеулі үлес қосып жүрген асыл жандар. Биыл ағамыздың бұл дүниеден өткеніне 40 жыл болыпты. Сералы ағамыздың жарқын бейнесі мен ұлт өнеріне сіңірген еңбегі халық жадында мәңгі сақталатынына сенімдімін, - деді "Қазақфильм" киностудиясының президенті Арман Әсенов.