Алматы қаласының Желтоқсан саябағында тұрғындардың көмегімен 1000 қап қоқыс жиналды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ.тілшісі.
Белсенді болған ұйым мүшелеріне ұйымдастырушылардан бағалы сыйлықтар табыс етілді. Ең көп қоқыс жинағандар жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтқанда:
1. Қазақ ұлттық аграрлық университеті 200 қап қоқыс жинап, 1 орынды иеленді. Университет өкілдеріне Samsung смартофоны берілді.
2. Белсенділік танытқан Азаматты авиация академиясының студенттері екінші орыннан көрінді. Болашақ ұшқыштар 200-дей қоқысты қапқа жинаған. Оларға смарт сағат сыйланды.
3. Үшінші орынға жайғасқан, екі бірдей ұйымға бағалы сертификаттар табысталды. Желтоқсаншылардың ұйымы мен “Mary Kay” компаниясының адамдарды 100 қаптан қоқыс жинаған.
Қалалық Экология және қоршаған орта басқарма өкілдерінің есептеуінше, сенбілік барысында Желтоқсан саябағында 1000-нан астам қап қоқыс шығарылған.