Алматыда Сайран көлінің аумағы абаттандырылады

13 Мамыр 2023, 02:17
835
Бөлісу:
Алматыда Сайран көлінің аумағы абаттандырылады
Фото: egemen.kz

Алматыда Сайран көлінің түбін механикалық тазалау жалғасып жатыр. Мамандар 28 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар мен 142 мың текше метр лай шөгінділерін шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жалпы, көлдің 162 000 шаршы метр аумағы тазартылады. Осылайша судың табиғи айналымы қалпына келтіріліп қана қоймай, су қоймасының экологиялық тепе-теңдігі сақталатын биологиялық процестер де іске қосылады, - дейді мамандар.

Тазалау жұмыстары мамыр айының соңына дейін жүреді. Бірақ, әзір көлге су жіберілмейді. Себебі, тамыз айында көлдің айналасын абаттандыру жұмыстары басталады.

Солтүстік және оңтүстік жағында үлкен өзгерістер болады. Солтүстік жағында жасыл желекті көбейту мәселесі. Төле би көшесі бойында техниканың дыбысы, басқа сасық иістерді халыққа келтірмеу мәселесін ойластырып жатыр. Абаттандыру жұмысы солтүстік жағынан бастаймыз. Содан кейін оңтүстік жағы. Шығыс пен батыс жағын кейін қарастырамыз, - дейді қалалық эЭкология және қоршаған орта басқармасының бас маманы Есбол Әбділдәбекұлы.

Өзгелердің жаңалығы