Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Сайран су қоймасынан алынған су сынамаларының талдау нәтижелерін жариялады.
Лакто ішек таяқшалары нормасының деңгейінен асып кету жағдайы анықталды. Осыған байланысты Алматы ТЖД және СЭБД ұйғарымы бойынша су қоймасындағы суды толық көлемде ағызып жіберу туралы шешім қабылданды.
Қоймаға жаңадан су толтыру шамамен екі-үш күнді алады. Алматылықтар мен қала қонақтарын жақын күндері шомылудан аулақ болуларын сұраймыз. Ластану көзін анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық әкімдіктердің (Алмалы, Әуезов), полиция департаментінің, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының, ТЖД және экологтардың мамандарынан жұмыс комиссиясы құрылды, – деді Алматы қалалық СЭБД
СЭБД ақпаратына сәйкес, бұл кезеңде су қоймасының түбін биологиялық және химиялық тазартудың қосымша арнайы әдістерін қолдану қажет етілмейді. Ластану көзі анықталғаннан кейін және арнайы комиссияның жұмысы аяқталғаннан кейін Сайран сумен толтырылады.