Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлерін алып тастады: себебі неде?

Нұрқанат Атажан
24 Қараша 2025, 12:32
428
Бөлісу:
 tiktok.com/@safari_59
Фото: tiktok.com/@safari_59

Алматының қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының өкілдері Сайран көліндегі понтон көпірлері неге алынып тасталғанын түсіндірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Әкімдік қызметкерлерінің хабарлауынша, аталмыш құрылымдар көктемде қайта орнатылады.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, Сайран көлінің аумағын абаттандыру жобасы аясында адамдардың өтуіне қолайлы әрі қауіпсіз болатын екі понтон көпірінің құрылғысы бойынша жұмыстар атқарылды.

Сайран көлінде орналасқан понтон көпірлер қысқы кезеңге арналған жыл сайынғы консервациялау және көлдегі су деңгейінің төмендеуіне байланысты уақытша алынып тасталынды. Келесі жылдың көктемінде су қоймасының деңгейі қалпына келгенде бұл құрылымдар қайта орнатылады, - деді әкімдіктегілер.

Оған қоса әкімдікте құрылымдарды қанағаттанарлық техникалық жағдайда сақтау үшін оларды жыл сайын бөлшектеп, монтаждау жұмыстары жүргізіліп отыратынын нақтылады.

Өзгелердің жаңалығы