Алматыда сайлау қалыпты өтуде – сарапшы

10 Қаңтар 2021, 14:28
1997
Бөлісу:
Алматыда сайлау қалыпты өтуде – сарапшы

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда сайлау қалыпты өтуде. Сайлаушылар үшін барлық жағдай жасалған.  

Бұл туралы Алматының Қоғамдық кеңес төрағасы Рахман Алшанов айтты.

Алматыда сайлау учаскелері таңғы 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Сайлаушылар үшін барлық жағдай жасалған. Олардың дауыс беру барысын тәуелсіз байқаушылар жіті бақылап отыр. Барлық сайлау учаскесінде жағдай тыныш. Бәрінде сайлау комиссиясы мүшелері отыр. Сайлау учаскелерінде барлық санитарлық норма сақталған. Өзіміз де барып дауыс беріп келдік, - дейді Алшанов. 

Сонымен қатар ол қала тұрғындарын дауыс беру нәтижесіне қарай үш топқа бөліп қарайтынын айтты.

Тәжірибе бойынша Алматыда үш толқын бар. Сағат 12.00-ге дейін бір толқын, яғни үлкендер, екінші толқын түстен кейін дауыс береді. Үлгеретіндер кешке дейін дауыс береді. Қалада қоғамдық көліктер жұмыс істеп тұр. Ешқандай кедергі жоқ, – дейді Алматының Қоғамдық кеңес төрағасы Рахман Алшанов.

Өзгелердің жаңалығы