Алматыда "Сауран" базары өртеніп жатыр

Алматыда құтқарушылар "Сауран" базарындағы өртті сөндіруде, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.

 Арман Мухатов  -архив 16 Ақпан 2025 2025, 22:16
16 Ақпан 2025 2025, 22:16
3029
Фото: -архив

Алматыда құтқарушылар "Сауран" базарындағы өртті сөндіруде, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, мегаполистің өрт сөндірушілері Рысқұлов даңғылындағы базар аумағында қойманың өртімен күресіп жатыр.

Оқиға орнына Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаевтың қатысуымен өртті сөндіруге арналған штаб жұмылдырылды.

Оқиға орнына сағат 20.17-де жеткен өрт сөндірушілер жоғары дәрежемен жұмыс істеуде. Өрт оқпандары енгізілді, өрт автоцистерналары су көздеріне жедел орнатылды, суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді, - деп атап өтті ведомстводан.

видеодан кадр

Өрт шыққан жерде жедел штаб құрылды. Оқиға орнында 77 адам мен 19 бірлік техника жұмыс істеуде.

Наверх