Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда Сәтпаев шыңына шыққан екі бойжеткен құтқарылды

30 Тамыз 2025, 08:33
579
Бөлісу:
 ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматыда Сәтпаев шыңына шыққан екі бойжеткен құтқарылды. Туристер теңіз деңгейінен 4 317 метр биіктіктегі шыңға көтерілген. Алайда біреуі аяғын қайырып, таудағы дерттің белгілерін сезіп, өздігінен түсе алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына Алматы қаласы ТЖД құтқару қызметінің жасағы шықты. Байланыс үзіліп, координаталар нақты болмағандықтан тауды жаяу шолуға тура келді. Бірнеше сағаттан кейін туристер табылып, медициналық көмек қажет еместігі анықталды.

Құтқарушылар туристерді төменге түсіріп, эко-бекетке тапсырды. Онда олардың туыстары күтіп тұрған. Операция сәтті аяқталды.

Өзгелердің жаңалығы