Алматыда «Сақ стилі» сериясындағы банкнотар таныстырылды

14 Қараша 2024, 12:36
500
Бөлісу:
Алматыда «Сақ стилі» сериясындағы банкнотар таныстырылды
PHOTO
Фото: автордан

JusanVibe арт-кеңістігінде ҚР Ұлттық Банкінің теңге банкноталары мен коллекциялық және инвестициялық монеталарының көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

ҚҰБ бас дизайнері Санжар Нұрқасымов «Сақ стилі» сериясындағы банкноталардың тұжырымдамасы туралы айтып берді.

Алматыда «Сақ стилі» сериясындағы банкнотар таныстырылды

"Сақ стилін" банкноттарға енгізудегі мақсатымыз еліміздің  тарихынан сыр шерту. 2023 жылдан бастап, сақ стиліндегі бірінші банкнотты 5000 теңгені айналымға шығардық. Ал 2024 жылы 10000 теңгелікті шығарған едік. Бұл процесс ақырындап жүзеге асырылмақ. Осы жылдың аяғында 2000 теңге айналымға беріледі. Келесі банкотталар 2025, 2026 жылдары басылып шығады. Банкотта жануарлар мен ою-өрнектер бейнеленген. Сондай-ақ  қорғандардан табылған артифактілер бейнеленген.  Банкноттарды шығарада тарихшылар мен ақылдастық. Бір топ дизайнерлер ат салысты,- деді «Сақ стилі» жобасының бас дизайнері Санжар Нұрқасимов.

Көрме тұжырымдамасында екі тақырыптық экспозиция көзделген – ҚҰБ теңге банкноталары мен инвестициялық және коллекциялық монеталары.

Іс-шара 15 қараша — Ұлттық валюта күніне орай ұйымдастырылғанын айта кетейік. 

Алматыда «Сақ стилі» сериясындағы банкнотар таныстырылды

Ұлттық төл валюта – тәуелсіздік пен егемендіктің нышаны, мемлекеттегі ақша жүйесінің негізі. Ұлттық Банк өткізетін экспозицияның мақсаты – қалың аудиторияны ұлттық валюта – теңге тарихымен, «Сақ стилі» банкноталарының жаңа сериясымен, инвестициялық және коллекциялық монеталармен таныстыру, –деді көрменің ашылуында ҚҰБ Төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин.

Көрме 22 қарашаға дейін жалғасады. Қала тұрғындары мен қонақтары көрмеге  09:00-ден 18:00-ге дейін бара алады.

Өзгелердің жаңалығы