Алматыда Республика күніне орай мерекелік шеру ұйымдастырылды. 50-ден астам адам Арбат алаңында жүріп өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Іс-шараға қатысушылар патриоттық әндерді орындап, қолдарына көк туды ұстап шыққан. Осылайша қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жігерлендіруді мақсат еткен.
Алматы қаласының әр ауданында осындай патриоттық шаралар өткізіліп жатыр. Акцияның мақсаты - жастар арасында ұлттық мерекенің маңызын ашу және насихаттау, жас ұрпақтың ел дамуына қосқан үлесі мен жетістіктері туралы айту. Сенбі-жексенбі күні спорттық шаралар өткізілді. Енді, міне, көк туымызды көкке желбіретіп, патриоттық әндерді шырқап өттік. Қала тұрғындарының да көңілінен шықты деген ойдамын дейді, – Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры директорының міндетін атқарушы Бағдат Анарбаева.
Еске салайық, Республика күніне орай Алматыда демалыс күндері спорттық, мәдени іс-шаралар өткізілген еді.