Алматыда Райымбек пен Назарбаев даңғылы қиылысында уақытша көлік қозғалысы тоқтатылады

30 Шілде 2022, 17:47
1768
Бөлісу:
Алматыда Райымбек пен Назарбаев даңғылы қиылысында уақытша көлік қозғалысы тоқтатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Райымбек пен Назарбаев даңғылы қиылысында уақытша көлік қозғалысы тоқтатылады.

Апаттық қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Райымбек және Назарбаев даңғылы қиылысының батыс бөлігінде 30 шілде сағ. 22:00 мен 31 шілде сағ. 7:00 аралығында, шығыс бөлігінде 31 шілде сағ. 22:00 мен 1 тамыз сағ. 7:00 аралығында көлік қозғалысы тоқтатылады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз, -  делінген қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы