Алматыда Абай алаңында рәміздері күніне арналған мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Сахнаға Қазақстанның мемлекеттік Туы шығарылып, мемлекеттік әнұран орындалды.
Бұдан әрі, елімізге танымал сахна саңлақтары өнер көрсетті. Қазақстандықтарды рәміздер күнімен құттықтап, ақжарма тілек арнады. Жас әншілер де кештің көркін кіргізіп, халықтың ықыласына бөленді. Әсем музыкалық шара ашық аспан астында өткендіктен көрерменнің де ықыласы ерекше болды.
Қаламызда осындай іс-шаралардың өтіп жатқанына қуаныштымын. Рәміздер елдігіміздің айғағы. Қазіргі жастар бақытты, болашағы жарқын. Аспанда көк туымыз желбіресе, әнұран шырқалса жүрегім тебіренеді. Кешімді ерешке коцертпен аяқтағаныма қуаныштымын. Елдігіміз, егемендігіміз мәңгі болсын,- деді Әсел Рузибайқызы есімді қала тұрғыны.
Еске салайық, концерттен соң Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері мен Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармония хорының жастар құрамы әнұранды орындады.