Алматыда Қызылорда облысының өнер күндері өтті

22 Қыркүйек 2024, 11:30
373
Бөлісу:
Алматыда Қызылорда облысының өнер күндері өтті
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы қаласындағы Республика сарайында "Сұлу Сырдан - Ару Алматыға" атты өнер шеберлерінің гала- концерті басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сыр өнерпаздары алматылық көрермен назарына халық әндерін, жыраулық өнер мұрасын, классика және эстрада жанрындағы музыкалық туындыларды ұсынады.

Бүгін Құрманғазы оркестрінің концерт залында "Жыр - Қазына, Күй - Күмбез" атты Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің концерті ұйымдастырылмақ.

Еске салсақ, өткен жылы Сыр өнерпаздары Астана қаласында Қызылорда облысының өнер күндері аясындағы концерттік бағдарламасымен елордалықтардың ыстық ықыласына бөленді. Бастаманың жалғасы ретінде өңірдің өнер шеберлері Алматыға шақырту алған болатын.

Өзгелердің жаңалығы