Осыдан үш күн бұрын Сайран көліне аққұтан мен үйрек әкелінген еді, бір аптаға жетпей белгісіз біреулер Қызыл кітіпқа енген аққұтанды атып кеткен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Наталья Сульжик әлеуметтік желідегі парақшасында құсты аман алып қалу үшін қолынан келгеннің бәрін жасағанын айтты.
Қанаты зақымданған. Кеудесіне оқ тиген. Құсты таксимен “Айболит” ветеринарлық орталығына апардық. Аяқтары да сынған көрінеді. Оның мұндай халге қалай түскенін білмеймін. Құсты көрген адамдар оны жылы жерге кіргізіп, маған хабарласты. Жан-жануарларға зиян тигізбейік. Оларды келешек ұрпақ үшін сақтап қалуға тырысайық, – дейді ерікті Наталья Сульжик.