Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда қылмыстық топ басшысының Range Rover көлігі арнайы қызметке берілді

Нұрқанат Атажан
17 Қараша 2025, 12:00
446
Бөлісу:
 sauda.e-qazyna.kz
Фото: sauda.e-qazyna.kz

Сот шешімімен ұйымдасқан қылмыстық топ басшысы Елдос Коспаевқа тиесілі тәркіленген Range Rover көлігі арнайы қызметтің көлігіне айналды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Қалалық мемлекеттік мүлік департаменті бұл автокөлікті қай мемлекеттік орган алғанын жариялаудан бас тартты, себебі бұл мәлімет “құпия” саналады.

Ведомствоның мәліметінше, жол талғамайтын көлік “арнайы мемлекеттік органның қарауына” берілген. Сондай-ақ ақпаратты ашу “Мемлекеттік құпиялар туралы” заңды бұзуы мүмкін екені, қызметтік немесе мемлекеттік құпия болып табылатын деректердің жариялануына әкелуі ықтимал екені айтылды.

Автокөлік ашық дереккөздерде жариялауға жатпайтын арнайы мемлекеттік органның қарауына берілді, – деді ведомствода.

Айта кетейік, жасыл түсті, 2021 жылғы Land Rover Range Rover, нөмірі 777SSS05, 2025 жылдың қыркүйегінде аукционға қойылған еді. Оның құны 61 млн теңге деп бағаланған. Кузовы мен салоны жақсы жағдайда, алайда кілттері, нөмірлері мен құжаттары жоқ.

Коспаевтан және өзге қылмыстық топ мүшелерінен тәркіленген басқа да автокөліктер өз иелерін тапқан: нөмірі 777SSS16 болатын Lexus RX300 Абай облысының прокуратурасына берілді, ал Lexus LX 570, Land Cruiser 200 және тағы бір RX 300 өңірлік полицияға тапсырылған.

Өзгелердің жаңалығы