Алматыда құрылыс материалдары бар ғимараттан өрт шықты

Түркісіб ауданына қарасты Демьян Бедный көшесінің бойындағы екі қабатты ғимаратты жалын шарпыды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

 Видеодан скрин 4 Ақпан 2025 2025, 11:47
4 Ақпан 2025 2025, 11:47
755
Фото: Видеодан скрин

Түркісіб ауданына қарасты Демьян Бедный көшесінің бойындағы екі қабатты ғимаратты жалын шарпыды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі пікір білдірді.

 Сағат 11:02-де құрылыс материалдары бар екі қабатты ғимаратта өрт анықталды. Өрттің таралу қаупі туындады. Жапсарлас салынған құрылыстарды қорғауға және өртті жоюға өрт оқпандары енгізілді. Өрттің таралуын шектеу шаралары қабылданып жатыр, - деді Алматы қаласының ТЖД ресми өкілі Гүлдана Нұрымбетова.

Наверх