Алматы қаласы Солтүстік айналым тас жолындағы қоймадан шыққан өрт 1900 шаршы метр аумақта толығымен сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілер қызыл жалынмен 7 сағаттан астам уақыт арпалысты. Түнгі сағат 2 шамасында ТЖМ күштерімен өрт оқшауланған болатын. Өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел іс-қимылдарының арқасында жанындағы ғимаратқа өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді.
Бұған дейін оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, өртті сөндіруге 85 адам және 22 бірлік техника жұмылдырылған еді. Оқиға орнында 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Өртті сөндіруге ТЖМ автопоезы тартылды.